Бүгінгі күні лапароскопияның көмегімен бір уақытта әртүрлі ауруларды
диагностикалауға және оларды емдеуге болады, бұл науқасқа минималды
зақым келтіреді, асқынулар мен операциялық тәуекелдерді азайтуды
қамтамасыз етеді. Мұндай әдіс арқылы тұтас мүшелерді, ірі ісіктерді алып
тастау, пластикалық операцияларды жүргізу мүмкін.
Көптеген ауыр жағдайдағы науқастарға, егде және кәрі жастағы адамдарға,
кейбір қосымша аурулар болған жағдайда ашық операция жоғары
тәуекелділік себепті қолайсыз болуы мүмкін, ал лапароскопия қолайсыз
салдарлардың ықтималдығын төмендетіп, хирургиялық емдеуді «аз қан
төгіспен» жүргізуге мүмкіндік береді.
Дегенмен, лапароскопиялық операция да хирургиялық емдеу болып
табылатынын ұмытпау керек, сондықтан одан бұрын дұрыс дайындық
жүргізілуі, науқасты мұқият тексеру және мүмкін болатын қарсы
көрсеткіштерді бағалау қажет.
Тесіктер арқылы микрохирургиялық құралдардың жиынтығы енгізіледі, ал
манипуляцияларды жеңілдету үшін операция өтетін аймаққа арнайы газ
қоспасы үрленеді, содан кейін құрсақ қабырғасы көтеріледі. Пайда болған
кеңістікте хирург еркін жұмыс істей алады, тіпті қол жетпейтін жерлерге де
еркін қол жеткізе алады.
Лапароскопияның сапасын эндоскопиялық бақылау арттырады.
Хирургиялық құралдармен бірге құрсақ қуысына жарықтандыру және
мини бейнекамера енгізіледі, олар суретті тіркеп, онлайн-режимде береді,
сурет үлкейтіліп мониторға шығарылады. Осылайша, дәрігер органдарды
көріп, визуалды түрде жағдайды бақылайды. Бұл арқылы лапароскопия бір
мезгілде диагностикалық құрал және емдеу әдісі болып табылады.